Академияда прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дағдарыстық жағдайларды басқару мәселелері бойынша біліктілігін арттырудың кезекті курстары аяқталды.
Тренинг аясында тыңдаушылар жаппай наразылық немесе террористік акциялар кезінде келіссөздерді тиімді жүргізудің түрлі тәсілдері мен тактикаларын үйренді, агрессивті топты басқару әдістерін игерді.
Курстың тақырыптарына жанжалды жағдайлардың мәні, наразылық акцияларының себептері, адамдар көп жиналатын жерлерде көпшілік алдында сөйлеу, сендіру әдістері және т. б. сияқты мәселелер кіреді.
Жаттықтырушылар атап өткендей, келіссөздер жүргізу қызметкерлерден жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді. Туындаған дағдарыстық жағдайдың қолайлы нәтижесі көбінесе қызметкердің конфликтологияның мәнін білуіне және агрессивті адамдармен сындарлы диалог құру қабілетіне байланысты. Практикалық білім мен тиімді психологиялық әдістер де маңызды.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі