БҰҰ ЕҚБ аймақтық өкілінің Академияға сапары

Құқық қорғау органдары академиясына БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік өкілі Ашита Миттал келді.

Кездесу Орталық Азиядағы киберқылмысқа және криптовалютамен байланысты кірістерді жылыстатуға қарсы күрес бойынша оқыту алаңына айналатын оқу киберполигонының базасында өтті.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты.

Жоғары оқу орнының ректоры Марат Сексембаев атап өткендей, 2017 жылдан бастап БҰҰ ЕҚБ көптеген жобаларды бірлесіп іске асырып, Академияның маңызды стратегиялық серіктесіне айналды.

Осылайша ЖОО Орталық Азия мемлекеттерінің трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жасаудағы әлеуетін күшейту, құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі БҰҰ өңірлік бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысады.

Осы жұмыс аясында терроризм мен экстремизмге, ақшаны жылыстатуға, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа қарсы күрес мәселелеріне арналған 30-ға жуық бірлескен ғылыми-білім беру іс-шаралары өткізілді.

Академия зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі Орталық Азия желісінің (CAPVE) төрағалық етуші ұйымы ретінде бірқатар оқыту іс-шараларын жоспарлады.

Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, азаптау, жасанды интеллектті пайдалану, үлкен деректерді талдау, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес мәселелеріне арналған тренингтерді ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс күтіп тұр.

БҰҰ өкілі Өңірлік хабтың жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысын жоғары бағалап, ұйымдасқан қылмысқа, қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін ғылыми-білім беру алаңын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

А. Миттал әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға қызығушылық танытып, ұлттық және өңірлік деңгейлерде оқу іс-шараларын ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі