Еуропа Кеңесінің «Орталық Азиядағы HELP» жобасын іске асыру шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттары (азаптауға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, дербес деректерді қорғау және т.б.) бойынша оқу модульдері қалыптастырылды.
Біліктілігін арттырғысы келетін құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз бетінше немесе тәлімгермен онлайн-режимде оқыту курсынан өте алады.
Табысты оқытылған қызметкер HELP сертификатын алады және тиісті салада сарапшы ретінде қарастырылады.
Кіру сілтемесі Академия сайтының басты бетіндегі «Серіктестер» бөлімінде, «Human Rights Education for Legal Professionals» логотипінің астында орналастырылған.
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы