Басқару дағдыларын дамыту мәселелері бойынша курстар

Академияда құқық қорғау органдарында қызметті ұйымдастыру және басқару мәселелеріне арналған біліктілікті арттыру курстары аяқталды.

Жоғары лауазымдарға үміткер прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі және Академия қызметкерлері оқудан өтті.

Оқу бағдарламасы Президенттік резервті дайындау тәжірибесін, сондай-ақ дағдарыс жағдайында жұмыс істеу дағдыларын дамытуды талап ететін елде болған оқиғаларды талдауды ескере отырып әзірленген.

Тыңдаушылар басқарушылық қызметтегі аналитикалық жұмыстың негіздерін, жаппай наразылық акциялары кезінде келіссөздер жүргізу тактикасының ерекшеліктерін және әлеуметтік жанжалдарды шешуді зерттеді.

Көшбасшының жеке тиімділігін арттыру, көшбасшылық және коммуникативтік қасиеттерді дамыту, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік шеберлікті жетілдіру мәселелеріне маңызды назар аударылды.

Алынған білімді тиімді бекіту үшін сабақтардың көп бөлігі нақты практикалық мысалдар мен жағдайларды талқылауға және талдауға бөлінді. Заманауи ақпараттық жүйелерді меңгеру Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитеттің базасында жүргізілді.

Ұсынылған оқыту технологиясы жұмысты тиімді ұйымдастыру және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін басқару дағдылары мен құзыреттерін дамытуды қамтамасыз етуге арналған.

Шеберлік сабақтарын Академия оқытушылары, құқық қорғау органдарының басшылары және Бас прокуратура қызметкерлері өткізді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі