«Сейітов ізбасары» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды

Құқық қорғау органдары академиясы және Қазақстандық прокурорларының қауымдастығы бірлесіп өткізген «Сейітов ізбасары» республикалық байқауы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Іс-шара мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Прокуроры Өтеген Сейітовтің 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған.

Байқауға еліміздің жоғары оқу орындары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті (жетекшісі Сеилханов Ж.Д.), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Тұран-Астана» университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы студенттері мен тыңдаушыларының құрама командалары қатысты.

Қатысушылар атақты прокурордың өмірбаяны мен кәсіби қызметін білуде бақ сынасты.

Соңында мерейтой иесіне арналған кітаптар мен БАҚ басылымдарының материалдары бойынша экрандалған қойылым қойылды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдені иемденгендер:

Бас жүлде – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Шам» командасы;

I орын – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Natus Vinsera»командасы;

ІІ орын – «Тұран-Астана» университетінің «Ұрпақтар сабақтастығы» командасы;

III орын – Астана Халықаралық университетінің «Жеті жарғы» командасы (жетекшісі Сеилханов Ж.Д.).

Қазылар алқасының құрамы көрермендер көзайымы номинациясын «Natus Vinsera» командасының қатысушысы Мөлдір Әлімбекқызы деп ерекшеледі, Құқық қорғау органдары академиясының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің командаларына жұбаныш сыйлықтары және дипломдары берілді. Сондай-ақ қатысушы жоғары оқу орындарының құрама командаларының басшыларына алғыс хаттар табысталды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі