Хабарлама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) Ө.C. Сейітовтің туғанына 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге орай «Сейітов ізбасары» атты байқау (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.

Байқаудың мақсаты – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагері, 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі Өтеген Сейітовтің өнегесі мен тәлімін болашақ заңгерлерге насихаттау.

Байқауға жоғары оқу орындарының студенттері мен тыңдаушылары шақырылады. Байқау жеңімпаздарын I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қатысу үшін өтінім «Сейітов ізбасары байқауына» деген белгімен 571-70-33@mail.ru электронды поштасына жолданады. Байланыс телефоны: +77015717033.

Байқауға қатысу үшін өтінім 2023 жылдың 17 наурызына дейін қабылданады. Байқау 2023 жылдың  31 наурызында Академияның ғимаратында өткізіледі.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі