Наурыз мейрамы құтты болсын

Құқық қорғау органдары академиясында Наурыз мейрамына арналған іс-шара өткізілді.

Мерекеге көптеген қатысушылар мен қонақтар жиналды.

Көктемнің сүйікті мерекесіне айналған Наурыз мейрамы табиғаттың жандануы мен жаңаруын, рухани тазаруды, жақсылық пен бейбітшілікті бейнелейді, қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Наурыздың халықтың қоғамдық келісімі мен бірлігін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтудағы, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудегі және ұлттық мәдениет пен өзінің тарихи өткеніне құрмет көрсетудегі маңызы зор.

Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық халықтарды біріктіреді. Бүкіл көпұлтты ел оны үлкен қуаныш пен мақтанышпен атап өтеді.

Бұл халықтың бай мұрасын бағалауға, ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың тереңдігіне енуге тамаша мүмкіндік береді.

Мереке шеңберінде ЖОО бөлімшелері арасында үздік ұлттық дәстүр мен дастархан жаю өнеріне конкурс өтті.

Импровизацияланған ауылдарда «Құдалық», «Қыз ұзату» және «Беташар» тақырыптарында әдет-ғұрыптарға байланысты әдемі және әсерлі қойылымдар өтті.

Мерекенің жарқын эпизоды «Тұсау кесер» рәсімі болды.

Наурыз мейрамы құтты болсын! Мейрам әр үйге денсаулық пен амандық, молшылық пен сәттілік әкелсін.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі