Ө.C. Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Сейітов ізбасары» атты жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасындағы байқау регламенті

1.Негізгі ережелер

1. Осы «Сейітов ізбасары» атты Жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасындағы байқау (бұдан әрі – Байқау) регламенті (бұдан әрі – Регламент) байқауға қатысушыларға қойылатын талаптарды, оларды ұсыну тәртібін, іріктеу және бағалау өлшемшарттарын, өткізу мерзімдерін айқындайды.

2. Байқау Өтеген Сейітұлы Сейітовтің туғанына 100 жылдық мерейтойын мерекелеу іс-шараларын ұйымдастыру жоспары шеңберінде өткізіледі.

3. Байқау белгілі мемлекет және қоғамдық қайраткері, ұстаз, Ұлы Отан соғысы ардагері, 1-дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі Өтеген Сейітовтің тәлімін болашақ заңгерлерге насихаттауға бағытталған.

4. Байқауды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты және Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты.

5. Осы Регламент байқаулық іс-шаралар аяқталғанға дейін қолданылады.

2.Байқау шарттары

6. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін құрылған қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі талаптарды басшылыққа алады:

1) жауаптың дәйектілігі;

2) жауаптың мазмұндылығы;

3) жауапты сауатты жеткізу;

4) уақытты орынды пайдалануы.

7. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

8. Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

І кезең (5 минут) Танысу.

Топ басшысы өзін байқау тақырыбы шеңберінде таныстырады. Бағалау шарты – тақырыпты нақты мәлімет, дәйекті дерек, мағыналы мысалдармен жан-жақты ашу. Шешендік сөз, нақыл сөздер қолдану.

ІІ кезең (7 минут) Сұрақ-жауап.

Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушы топтарға байқау тақырыбы шеңберінде әзірленген 3 сұрақ қойылады. Сонымен қатар, қатысушы топтар тарапынан бір-біріне 2 сұрақ қойылады. Сұрақтың тақырыпқа сай келуі, оған берілетін жауаптың нақты, дәл болуы бағалаудың басты шарты.

ІІІ кезең (10 минут) Үй тапсырмасы.

Байқауға қатысушы топтар Өтеген Сейітовтің өнегесі мен тәлімін насихаттауға бағытталған БАҚ жарық көрген естелік кітаптар, мақалалар негізінде «Сейітов ізбасары» атты экрандалған музыкалы-ақпараттық материал, қойылым әзірлеуі керек.

9. Байқау 2023 жылғы 31 наурызда өткізіледі.

3.Байқау комиссиясы

10. Байқау комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары академиясының Бірінші проректоры бекітеді.

11. Байқау жеңімпаздарын анықтау ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда Байқау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

12. Байқау жеңімпаздарын I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталу көзделеді.

Ө.C. Сейітовтің 100 жылдық

мерейтойына орайластырылған

«Сейітов ізбасары» атты жоғары

оқу орындары студенттері мен

тыңдаушылары арасындағы

байқау регламентіне қосымша

 

Ө.C. Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орайластырылған

«Сейітов ізбасары» атты жоғары оқу орындары студенттері мен тыңдаушылары арасындағы байқауға қатысу

ӨТІНІМІ

  1. ЖОО атауы ______________________________________________
  2. Команда атауы ___________________________________________
  3. Байланыс телефондары ____________________________________
  4. Қосымша ақпарат __________________________________________