Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың кейбір мәселелері туралы

«ODARA» тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы тәуекелдерді бағалау құралын шетелдік сарапшылар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырған «Әріптестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы» халықаралық форумында таныстырды.

Оған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың, Құқық қорғау органдары академиясының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«ODARA» Германияда кеңінен қолданылады және бұл психикалық денсаулық орталығының канадалық зерттеу бөлімі полиция қызметкерлеріне жақын әлеуметтік қатынастардағы серіктестік зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдығын 13 мәселе бойынша бағалауға мүмкіндік беру үшін әзірлеген сауалнама.

Іс-шара қорытындысы бойынша Астана, Алматы және Павлодар қалаларында аталған құралдың пилоттық жобаларын енгізу туралы мәселе көтерілді.

Форум материалдарының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясымен бірлесіп Құқық қорғау органдары академиясы жүргізетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша зерттеу үшін теориялық және практикалық маңызы бар.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі