ҮЗДІК МОНОГРАФИЯ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында отандық және шетелдік ғалымдар қатысқан «Үздік баспа басылымы» халықаралық ғылыми байқауы аяқталды.

«Үздік монография» номинациясы бойынша 1-орынды Құқық қорғау органдары академиясының оқытушысы, PhD докторы Артур Баймаханов дайындаған «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды тергеп-тексерудің және алдын алудың ұйымдық-құқықтық аспектілері» атты жұмысы жеңіп алды.

Монографияда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды тергеу және алдын алу мәселелері талданып, олардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктері ұсынылды.

Материал «Лантар» электронды-кітапхана жүйесінде, Құқық қорғау органдары академиясының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында қолжетімді: http://lantarbooks.kz/ru/shop/k-meletke-tolmag-an-adamdy-t-rbieleu-zh-nindegi-mindetterdi-oryndamaudy-nemese-tiisinshe-oryndamaudy-tergep-tekserudin-zh-ne-aldyn-aludyn-uyymdyq-quqyqtyq-aspektileri-monografiya


Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі