Cотқа дейінгі тергеп тексеруді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық жобасы туралы

19.12.2022 жылғы электрондық үкімет порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасы жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14352696).

Бұйрық жобасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген.

Жаңа Нұсқаулықтың жобасында келесі новеллалар қарастырылған:

– азаптау туралы істерді тергеуді регламенттеу;

– азаптау туралы істер бойынша өзге де бөлімшелердің (арнайы прокурорлардан басқа) прокурорларына істерді тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу мүмкіндігі;

– ҚПК-нің 193-бабы 12-тармағының 1-тармағы және 2-тармағының 3-тармағына сәйкес аумақтық прокурорлардың басқа құқық қорғау органдарынан істерді іс жүргізуге қабылдауы (істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан алып қою және басқа органға беру) 4-қызметпен келісім бойынша;

– басымдыққа қарамастан кез келген санаттағы істерді іс жүргізуге қабылдау мүмкіндігі (басым бағыттардың тізбесі алынып тасталады);

– төмен тұрған прокурорлардың ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысын және есептілігін оңтайландыру.

Осы Нұсқаулықты қабылдау Конституциямен кепілдендірілген адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, заңның үстемдігін және Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты нығайтуды жаңа деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.