Қысқы тимбилдинг

Ұжымдық рухты біріктіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Құқық қорғау органдары академиясында құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері арасында шаңғы жарысы және командалық жарыстар бойынша қысқы марафон өткізілді.

Қатысушылар командада үйлесімді іс-қимылдар көрсетті, көптеген жағымды көңіл-күй мен жарқын әсер алды.

 

Академия басшылығы қысқы спортқа деген белсенді қызығушылықты, қолдауды, корпоративтік рухты және ұжымның бірлігін ерекше атап өтті.

Қысқы тимбилдингтің қорытындысы бойынша «Қайсар» (Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты) құрама командасы жеңімпаз атанды.

Ерлер арасында шаңғы жарысы бойынша 1-орынды Академияның Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Руслан Дүйсенбайұлы Нұрақаев иеленді. Әйелдер арасындағы бәсекелестікте 1-орын Академияның Халықаралық ынтымақтастық басқармасының прокуроры Сабина Ермекқызы Есеноваға бұйырды.

Барлық номинациялар бойынша қатысушылар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Құқық қорғау органдар академиясының
баспасөз қызметі