Тергеу ақпаратын басқару мәселелері бойынша курстар

Академияның АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Өңірлік қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған тергеу ақпаратын басқару мәселелері бойынша курстар аяқталды.

Бас прокуратура, Академия және ішкі істер органдарының қызметкерлері оқудан өтті.

Қазақстандық мамандар алдында АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері Патрисия Тюдор, Фрэнк Вейкс және Джеймс Трейси сөз сөйледі.

Сарапшылар құқық қорғау органдарының ақпараттық және жедел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, тергеу ақпаратының таралуын бақылаудың, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту контекстінде ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың озық тәжірибесімен бөлісті.

Тыңдаушылар презентациялар мен тақырыптық кейстер барысында тергеу ақпараты, оның қалай өндірілетіні және террористік әрекетті анықтау және жолын кесу үшін пайдаланылуы туралы толық түсінік алды.

Тергеуді басқару дағдыларының инновациялық стратегияларын игерді, қызмет басшысының бірегей басқару рөлдері мен міндеттерін зерделеді, тергеу бөлімшесін тиімді басқару үшін қажетті білім алды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі