2022 жылдың қорытындысы бойынша Академияның Ғылыми кеңесінің отырысы

Құқық қорғау органдары академиясының 2022 жылғы құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге арналған қызметтің перспективалық бағыттары туралы есептер Ғылыми кеңестің отырысында қаралды.

Іс-шараға құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері шақырылды.

Қатысушылар ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу нәтижелерін, алғашқы кәсіптік даярлықты, біліктілікті арттыруды, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді және жалпы Өңірлік хабтың қызметін қозғайтын түрлі мәселелерді талқылады.

Қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық және ақпараттық-коммуникациялық жүйелер бағыты бойынша басшылардың баяндамалары тыңдалды.

Академия басшылығы құқық қорғау жүйесі үшін кадрлар даярлау сапасын, докторлық диссертацияларды, жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Академияға кадрларды іріктеу мәселесін одан әрі дамытуға баса назар аударды.

Ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша ғылыми-білім беру қызметін жетілдіруге, оның ішінде академияны дамытудың алдағы кезеңге арналған жаңартылған стратегиясын әзірлеуге бағытталған тапсырмалар берілді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі