Digital Almaty 2023-те құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін киберқауіпсіздік саласындағы білім туралы меморандумға қол қойылды

Форум шеңберінде 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы, Binance Қазақстан, Astana Hub халықаралық технопаркі және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы төртжақты келісімге қол қойды.

Бірлескен қызмет шеңберінде ұйымдар Орталық Азия өңіріндегі жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб болып табылатын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы үшін білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі әлемдегі осындай қауіптердің бірі-киберқылмыс.

«Құқық қорғау органдары өкілдерінің жаңа заманауи қауіп-қатерлерге дайын болмауы цифрлық саланы криминализациялауға әкелуі мүмкін. Бұл қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін құқық қорғау органдары цифрлық технологиялар саласында жеткілікті білімге ие болуы керек. Бүгін қол қойылған меморандум криптовалюталардың көптеген құқық қорғау аспектілерін шешу үшін қажетті білім мен дағдыларды жинақтау үшін берік негіз беретініне, сондай – ақ киберқылмыстарды ашу мен тергеу ерекшеліктерін оқыту бойынша жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деп атап өтті Академия ректоры Марат Сексембаев.

Криптоиндустриядағы халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша киберқылмыс көлемі 2022 жылы тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Осы жаһандық проблеманы шешу үшін нарықтың ірі ойыншыларын тарту процесі басталады, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерін киберқылмыстармен күресте блокчейннің жаңа құралдарына үйретуге баса назар аударылады.

«Binance бүкіл әлем бойынша 750-ден астам қызметкері бар саладағы жетекші жаһандық ФАТФ қауіпсіздік және сәйкестік командасына ие. Біз ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, күдікті әрекеттерді қадағалау аясында мемлекеттік құқық қорғау органдарымен және жеке ұйымдармен ынтымақтасамыз. Серіктестеріміз ұсынатын бастапқы есептік жазбаларға сүйене отырып, біз желі ішіндегі күдікті транзакцияларды анықтауға мүмкіндік беретін тергеулер жүргіземіз. Біз ақшаны жылыстатуға қарсы күрес (AML) бойынша ішкі анықтау және талдау құралдарын үнемі жаңартып, кеңейтіп отырамыз», — деп түсіндірді Binance Kazakhstan бас менеджері Жаслан Мәдиев. «Біз қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша реттеушілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін оқытудың жаһандық бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бағдарламаның негізгі мақсаты – кибер және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте экожүйенің жергілікті және халықаралық органдармен ынтымақтастығын дамыту. Біздің біліміміз болашақ мамандарға да, жалпы салаға да пайдалы болатынына сенімдімін». [1]

«Біз өңірдегі ең ірі технопарк ретінде құқық қорғау органдары мен технологиялық экожүйе кооперациясының алаңына айналуға қуаныштымыз. Криптоиндустрияны және тұтастай алғанда блокчейн технологияларын дамытумен қатар, криптоинцеденттерді тергеу саласын дамыту қажет. Мен Қазақстан өңірде үздік тәжірибе жасай алатынына сенемін, ол үшін біз барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Astana Hub халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.

Білім беру бағдарламасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы» АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркі қолдауымен блокчейн орталығы зерттеу зертханасымен бірлесіп Binance білім беру материалдары негізінде Академия базасында іске асырылатын болады.

Айта кетейік, Digital Almaty халықаралық форумы 2-3 ақпанда Алматыда өтеді. Ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub.

 

[1] https://rb.gy/5p8ffi

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі