Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.

Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген) 2023 жылғы 23 қаңтардан 23 ақпанға дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:

1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды беру:

– белгіленген үлгідегі өтініш;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесе  тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);

– жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;

– кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;

– әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.

Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсыну іріктеуге қатыстырмау үшін негіз болып табылады.

 

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
  3. Жоғары заңгерлік білім.

 

Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

4) қызметке тұрғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам.

 

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

2) прокуратура органының аумақтық бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;

3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;

4) полиграфологиялық зерттеуден өту;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) емтихан тапсыру.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және Комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша өткізіледі:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексі;

3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

 

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Академияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:

1 жыл (Академияда 6 ай оқу + 6 ай тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттар 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

 

Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.

 

Кандидаттар құқық қорғау қызметіне тұру кезінде құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуға тиіс.

Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:

Қызметкер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;

2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;

8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.

Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық  куәландырылуы тиіс.

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

 

Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі.

 

Академияның анықтама телефондары: 8-71-651-68-139, 8-778-672-66-24

Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалу.

 

Іріктеуге құжаттар қабылдайтын прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:

Прокуратура органдары:

         Мекеме атауы Байланыс телефоны Почта мекен-жайы
1. Астана қ. прокуратурасы 8 (7172) 71- 21- 12

8 (7172) 71- 24- 07

8 (7172) 71- 24- 16

 

п/и 010000

Астана қ.
Қабанбай батыр даңғылы, 31

2. Алматы қ. прокуратурасы 8(7272) 265-04-41

 

п/и 050000

Алматы қ. Желтоқсан көшесі,189

3. Шымкент қ. прокуратурасы 8 (7252) 53-42-47

 

п/и 160000

Шымкент қ.

Тәуке хан

даңғылы, 97

4. Алматы облысы прокуратурасы 8 (72772) 4-17-01 п/и 040800

Қонаев қ.,

Абай көш., 6

5. Ақмола облысы прокуратурасы 8 (7162) 25-05-93

 

п/и 020000

Көкшетау қ.

Біржан Сал көшесі, 45

6. Ақтөбе облысы прокуратурасы 8 (7132) 90- 14-58

8 (7132) 90- 14-59

 

п/и 030000

Ақтөбе қ.

Ө.Сейітов көшесі,6

7. Атырау  облысы прокуратурасы 8 (7122) 27-08-01

 

п/и 060011

Атырау қ.

А.Молдағұлова көшесі, 245

8. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы 8 (7232) 24-18-24

 

п/и 070004

Өскемен қ.

Пермитин көшесі, 21

9. Жамбыл облысы прокуратурасы 8 (7262) 45- 29- 41

 

п/и 080000,

Тараз қ., М.Х.Дулати көшесі, 23

10. Батыс Қазақстан  облысы прокуратурасы 8 (7112) 50 -33- 47

 

п/и 090000

Орал қ.

Жұбан Молдағалиев көшесі, 23

11. Қарағанды  облысы прокуратурасы 8 (7212) 35-35-95 и/п 100026

Қарағанды қ.,

Құрылысшылар даңғылы, 28а

12. Қостанай  облысы прокуратурасы 8 (7142) 53-41-38

8 (7142) 54-94-86

 

п/и 110000

Қостанай қ., Алтынсарин көш., 118А

13. Қызылорда  облысы прокуратурасы 8 (7242) 27-43-75

 

п/и 120001

Қызылорда қ., Нұрмақов көшесі, 1

14. Маңғыстау  облысы прокуратурасы 8 (7292) 42-34-10 (вн.121)

 

п/и 130000 Ақтау қ., 15 ықшамаудан, 56/1
15. Павлодар  облысы прокуратурасы 8 (7182) 31- 50- 82 п/и 140000

Павлодар қ., Лермонтов көшесі,3

16. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы 8(7152) 46-14-87

 

п/и: 150000

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі 15

17. Түркістан облысы прокуратурасы 8 (72533) 4-12-46

 

п/и 161200

Түркістан қ.,

С.Қожанов көшесі, 44 Б

18. Бас көлік прокуратурасы 8 (7172) 71- 22- 20

 

п/и: 010000

Астана қ.

Мәңгілік ел даңғылы, 14

19. Абай облысының прокуратурасы 8 (7222) 56-89-13 п/и 071400

Семей қ., Панфилов көш.,69

20. Жетісу облысының прокуратурасы 8 (7282) 24-17-81 п/и 040000

Талдықорған қ.,

Толебаев көш., 51

21. Ұлытау облысының прокуратурасы 8 (7102)76-15-68/ 76-19-63 п/и 100600

Жезқазған қ.,

Гагарин көш., 44

Өтініш бланкісі

Өмірбаян бланкісі