Құқық қорғау органдары академиясында нағыз кәсіби мамандарды қалай дайындайды

«Құқық қорғау органдары академиясында нағыз кәсіби мамандарды қалай дайындайды» бейнесюжеті «Хабар 24» телеарнасының «Честь имею» бағдарламасында жарық көрді.

Онда құқық қорғау қызметіне азаматтарды іріктеу тәртібі және ЖОО қызметінің негізгі бағыттары туралы айтылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2023 жылғы 23 қаңтар мен 23 ақпан аралығында құқық қорғау қызметіне кіретін адамдар үшін прокуратура органдарына бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялағанын хабарлаймыз.

Толық ақпаратты Бас прокуратурасының парақшасынан оқыңыз: https://www.instagram.com/p/Cni6EuBDjHk/?igshid=MDJmNzVkMjY=

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі