ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 28 желтоқсанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2022 жылы қабылданған магистранттардың (бейіндік, ғылыми және педагогикалық бағыттағы, оның ішінде қашықтықтан оқыту) ғылыми жетекшілері мен зерттеу тақырыптары және докторанттардың зерттеу тақырыптары бекітілді, сондай-ақ магистратура «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша МАК төрағалары мен құрамының кандидатуралары мақұлданды.

Сондай-ақ, отырыста, 2023 жылдағы Академияның ғылыми еңбектерін баспаға шығару жоспары бекітілді, құқық қорғау органдарының практика қажеттіліктеріне қарай білім алушылардың магистрлік және докторлық диссертацияларының тақырыптарын қалыптастыруға қатысуы туралы, және Академияда, оның ішінде қашықтан оқыту нысаны бойынша оқудан және біліктілігін арттырудан өткен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары (ІІМ-ден басқа) қызметкерлерінің саны туралы есептері тындалды.

Әр түрлі сұрақтарда, Академия қызметкерлерін іссапарға жіберуге Академияның ақылы қызметтерінен қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.