Прокурорлар мен судьяларды тиімді даярлау үшін түркі мемлекеттерінің бірігуі

Құқық қорғау органдары академиясы жаңа білім беру қоғамдастығының – сот-құқықтық дайындықтың түркі желісінің қатысушысы болды.

Бүгін Стамбулда оны құру туралы Меморандумға кірген барлық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қол қойды.

Олардың ішінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрияда прокурорлар мен судьяларды даярлауды жүзеге асыратын 11 мекеме бар (соңғысы – бақылаушы ретінде).

Қол жеткізілген келісімдер қатысушыларға бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізуге, тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен алмасуға, оқытушылар мен сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді.

Академия ректоры Марат Сексембаев өз сөзінде жаңа желі жоғары санатты мамандарды даярлауда, қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуде күш-жігерді ұйымдастыру және шоғырландыру үшін пәрменді алаң болатынына үміт білдірді.

Келісімге қатысушылар мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын атап өтті, құжат судьялар мен прокурорларды даярлау кезінде әріптестік қатынастарды нығайтуға және өзара іс-қимылды тереңдетуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

 

Желіге кірген ұйымдар.

Қазақстаннан:

– Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы;

– Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы.

Әзірбайжаннан:

– Бас прокуратураның Ғылыми-білім беру орталығы;

– Әділет Министрлігінің Әділет академиясы.

Қырғызстаннан:

– Бас прокуратураның Прокурорлық-тергеу қызметкерлерін кәсіптік даярлау орталығы;

– Жоғарғы Сот жанындағы Жоғары Сот төрелігі мектебі.

Түркиядан-Түркия Әділет академиясы.

Өзбекстаннан:

– Бас прокуратура академиясы;

– Жоғары судьялар Кеңесі жанындағы жоғары судьялар мектебі.

Венгриядан (бақылаушылар ретінде):

– Бас прокуратура;

– Венгрияның Ұлттық сот басқармасы.

Меморандумның қолданылуы сол мерзімге ұзарту мүмкіндігімен 10 жылға есептелген.

Желіні құрудың құқықтық негізі түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахичеван келісімі және Түркі мемлекеттері ұйымының 8-Саммитінің декларациясы болды.