Волейболдан ведомствоаралық турнир

Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясында ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік және Прокуратура органдары күнін мерекелеуге арналған волейболдан ведомствоаралық турнир өткізілді.

Қатысқан командалардың құрамына Құқық қорғау органдары, Сот төрелігі, Мемлекеттік басқару академияларының, Жоғарғы Сот Аппаратының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметкерлері мен білім алушылары кірді. Міндетті шарттардың бірі әйел ойыншылардың қатысуы болды.

Барлық командалар әр доп үшін күресіп, тамаша ойын деңгейін көрсетті.

Турнирдің жеңімпазы болып Жоғарғы Сот Аппаратының командасы танылды, екінші орынды Құқық қорғау органдары академиясы иеленді, үшінші орынды Заңнама және құқықтық ақпарат институтына берілді.

Командалардың жекелеген өкілдері: «Үздік ойыншы» — Ерсұлтан Ділдабаев; «Үздік қорғаушы» — Ілияс Даембаев; «Үздік шабуылшы» — Әділет Жаңбырбаев; «Үздік байланыстырушы» — Мадина Ермекова; «Үздік либеро» — Азиза Бейсенова атақтарына ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар кубоктармен, сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі