Академия жүзеге асырып жатқан «Әлеуметтік жобалар мектебі» бағдарламасы шеңберінде ЖОО магистранттары SOS Балалар ауылының және Астананың басқа да балалар ұйымдарының тәрбиеленушілерімен дәріс-әңгімелер өткізді.
Дәрістердің тақырыбы болашақ түлектердің қажеттіліктерін ескере отырып анықталды. Бірінші дәріс қаржылық сауаттылық мәселелеріне, екіншісі – құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған.
Сөз сөйлеу барысында кредиттерді қауіпсіз алу проблемалары және микрокредиттік ұйымдарға тәуелді жағдайдың құқықтық тәуекелдері қозғалды.
Спикерлер кредит беруге өтініш берген кезде әртүрлі онлайн-тіркеу нысандарында көрсетілген жеке деректерді ұрлаудың және заңсыз пайдаланудың алдын алу мәселелеріне жеке тоқталды.
Сонында тәрбиеленушілерге қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым және түсінікті кеңестері, сондай-ақ оларды жасағаны үшін заңда көзделген жалпы құқық бұзушылықтар мен жауапкершілік туралы ақпараты бар оларға бейімделген брошюралар берілді.