Шешендік шеберлік байқауы туралы

Көпшілік алдында сауатты сөйлей білу – құқық қорғау саласының әрбір заманауи өкіліне қажетті дағды.

Сондықтан Академия өз бағдарламаларында осы құзыреттілікті дамытуға ерекше назар аударады, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін жетілдіру үшін алаңдар құрылады.

Олардың ішінде ЖОО өз білім алушыларына мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізген «Полилог» бір сөздік конкурсы бар.

Қолда бар әлеуетті барынша толық ашу мақсатында конкурсанттарға құқықтанумен тікелей байланысты емес сөз сөйлеу тақырыптарының кең тізбесі берілді. Мысалы, қатысушыларға отбасы, «әкелер мен балалар» мәселелері, қазіргі жастардың қоғамдағы рөлі, жаһандану, өзін-өзі дамыту, экология, этика, денсаулық мәселелері бойынша сөз сөйлеу ұсынылды.

Қазылар алқасының төрағасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихи институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл болды.

Болашақта Академия қызметкерлерімен, басқа жоғары оқу орындарының білім алушыларымен және мемлекеттік қызметшілермен қатысушылар шеңберін кеңейту жоспарлануда.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Академия ректорының грамоталарымен марапатталды.