Заң үстемдігі мәселелері жөніндегі халықаралық семинар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау академиясымен бірлесіп «Заң үстемдігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн семинар өткізді.

Іс-шара аталған жоғары оқу орындары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Қатысушылар сот төрелігі саласындағы адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін, жасанды интеллект пен психологиялық технологияларды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың замануи әдістерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылады деп күтілуде.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі