Мәскеуде дәстүрлі «Ғылыми кітап» халықаралық байқауы аяқталды, онда Құқық қорғау органдары академиясы ғалымдарының жұмыстары жоғары бағаланып, құрметті жүлделі орындарға ие болды.
Байқауға Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Тәжікстанның 57 ғылыми-білім беру мекемелерінен 139 жұмыс ұсынылды.
Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының авторлық ұжымы дайындаған «Әкімшілік құқық және процесс» номинациясында 2-орынды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде жеке тұлғаның құқықтарын сақтау» монографиясы жеңіп алды.
Қазақстандық ғалымдардың жұмысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеке құқықтарын бұзудың өзекті мәселелеріне арналған.
Авторлар атап өткендей, мәселе заңнамалық олқылықтар мен қақтығыстарда жатыр. Құқықтық актілер «жеткізу» және «ұстау» ұғымдарын ажыратпайды. Жетекті қолдану тәртібін және кейбір басқа қамтамасыз ету шараларын нақты реттеу жоқ.
Зерттеу нәтижелері бойынша заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.
«Қылмыстық құқық және криминология» тағы бір номинациясында «Қылмыстық құқықтағы жаза» монографиясы 3-орынды жеңіп алды.
Авторлар Қазақстанның Қылмыстық кодексінің жалпы және ерекше бөліктері арасындағы қайшылықтарды болдырмауға, қылмыстық құқық қағидаттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге, құқық қолданушылардың жұмысын жеңілдетуге және профилактикаға оң әсерін тигізетін жаңа жаза жүйесін ұсынды.
Біздің Академияның ғылыми байқауға қатысуы жақсы дәстүрге айналды. Оның ұйымдастырушысы — Ресей Федерациясының ІІМ Басқару академиясы. ЖОО Министрліктің бас ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ ішкі істер органдарының басшы буынын даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі ТМД елдерінің Базалық ұйымы болып табылады.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі