Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік семинар

Академияда Орталық Азия аймағы елдерінің өкілдері үшін «Киберқылмыс туралы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері: халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе, жағдай, тактика және проблемалар» тақырыбында аймақтық семинар аяқталды.

Қазақстанның құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлерінен басқа, оның жұмысына Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның прокуратура органдарының қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың және осындай істерді тергеу кезіндегі халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Сарапшылар цифрлық дәлелдемелерді жинау және талдау тәжірибесімен, «OSINT» барлау құралын пайдалана отырып, ашық ақпарат көздерімен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Компьютерлер мен мобильді құрылғыларды зерттеу мәселелері, сондай-ақ компьютерлік-техникалық сараптама жүргізу кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.

Оқу іс-шарасын Академия ТМД мемлекеттерінің прокурорлық-тергеу қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы ретінде, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ (CASC желісі) арналған Халықаралық ынтымақтастық желісі шеңберіндегі БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.