Шетелден электрондық дәлелдемелерді сұрау салу мәселелері бойынша семинар-тренинг

Құқық қорғау органдары академиясында басқа елдерден келген электрондық дәлелдемелер мәселелеріне арналған семинар-тренинг аяқталды.

Қатысушылар – прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарының, экономикалық тергеу қызметінің, ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігі әскери полициясының және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының қызметкерлері.

Тренинг барысында атап өтілгендей, интернеттің дамуына байланысты электрондық дәлелдемелерді бүкіл әлем бойынша кез келген юрисдикцияға орналастыруға болады. Сондықтан тергеушілер мен прокурорлар тергеудің бастапқы кезеңінде олардың сұрауы мен сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы керек.

Тәжірибелік кейстерді шешу барысында тыңдаушылар қажетті іс – қимылдардың барлық алгоритмін шетелде электрондық дәлелдемелерді жинау мен сақтаудан бастап өзара құқықтық көмек туралы сұрау салуды дайындауға дейін игерді.

Германия, Италия, Солтүстік Македония, Жапония және АҚШ-тың халықаралық сарапшылары тыңдаушыларды ақпарат алу тәсілдерімен тікелей немесе шұғыл сұраулармен таныстырды.

Онлайн – қызметтерді жеткізушілердің өкілдері өздері жүргізіп жатқан электрондық дәлелдемелерді сақтау рәсімдері туралы, өзара құқықтық көмек тетігі арқылы ақпаратты және электрондық дәлелдемелерді ашу туралы шұғыл және тікелей сұрау салулар жіберу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оқыту іс-шарасы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін 2021-2023 жылдарға арналған озық тәжірибелер мен жұмыс әдістеріне оқыту жөніндегі арнайы жоспарды орындау шеңберінде өтті.

Іс-шара БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.