Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ректорының тағайындалуы туралы

Бас Прокурордың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ректоры болып Марат Исламханұлы Сексембаев тағайындалды.

Марат Исламханұлы 1979 жылы дүниеге келген. 2000 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған .

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасында  бастады.

Прокуратура, әділет органдарында, қаржы полициясында басшылық лауазымдарында мол тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы, Қарағанды облысының прокуроры болды.

2021 жылғы маусымнан бастап Бас Прокурордың Аппаратын басқарды.