Қазақ КСР Прокуроры Ө.С. Сейітовті еске алуға арналған «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесе отырып, 4 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақ КСР прокуроры Ө.С. Сейітовті еске алуға арналған «Құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция пленарлық отырыстан және 8 секциядан тұрды. Оған адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің, Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер және Әділет министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ отандық және Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украина және басқа да жетекші шетелдік ғалымдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста конференцияға қатысушылар Бас прокуратура мен Академия басшылығының Қазақстанның заң ғылымын дамытуға қосқан жеке үлесін, құқық қорғау қызметінің проблемалық мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Секциялар жұмысында қылмыстық процестің жалпы құқықтық қағидаттары, Қазақстан мен ТМД елдеріндегі прокурордың құқықтық мәртебесі, қылмыскердің жеке басы, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың реинтеграциясы, қаржылық тергеу институттары және жеке сот орындаушылары бойынша ғылыми зерттеулер талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленіп, ғылыми саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту ұсынылды.