Құқық қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті мәселелері талқыланды

Заң ғылымын жетілдіру контекстінде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды аспектілері Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясы ұйымдастырған «Ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті мәселелері» тұрақты жұмыс істейтін семинардың күн тәртібінің басты тақырыбы болды.

Оның жұмысына Прокуратура университетінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары қатысты.

Тәжірибе алмасу аясында Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Максим Шереметьев 2021 жылы «Ғылыми кітап» халықаралық байқауында жеңіске жеткен «Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту» монографиясының тұсаукесерімен сөз сөйледі.

Ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған қазақстандық ғалымдардың жұмысы жеке адамның құқықтарын қорғаудың және қылмыстық қудалау саласындағы құқық қорғау стандарттарын күшейтудің өзекті мәселелеріне арналған.