Корпоративтік рухты нығайту үшін

Корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған іс-шаралар циклі шеңберінде Академияның Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының ұжымы «Kulanshi ArtSpace» қазіргі заманғы өнер галереясына барды.

Осы күндері өтіп жатқан «Кеңістікті зерттеу» көрмесінде талантты суретшілер Мәжит Байтеновтың (Қазақстан) және Войцек Фангор (Польша) жұмыстары ұсынылды.

Мәжит Байтеновтың картиналары бай ұлттық нақышымен және қазақстан тарихы мен салт-дәстүрлерінің қайталанбас авторлық көзқарасыменерекшеленеді.

Войцек Фангордың плакаттары қысқа, тек бірнеше элементтерде, олар өздері жасаған кинокартиналардың күрделі сюжетін ашады.

Суретшілердің жұмыстары қызметкерлергеұмытылмас әсер қалдырды.

Осындай өнер шараларына қатысу өз елінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттырады, патриоттық сезімді нығайтады,қызметтік міндеттерді шешуде шығармашылық көзқарасты дамытуға көмектеседі.