Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдары есірткі қылмысына қарсы күрес әдістерін үйренуде

Құқық қорғау органдары академиясында есірткі саудасынан алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған алғашқы халықаралық симуляциялық тренинг басталды.

Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) және БҰҰ ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Оқыту нақты кейстерді модельдеу қағидаты бойынша құрылған, оның барысында ведомствоаралық тергеу-жедел топтардың қатысушылары осы санаттағы қылмыстарды анықтау және тергеу кезінде өзара іс-қимыл мен ден қою шараларын пысықтайды. Есірткі заттарын таратудың және кірістерді жылыстатудың нақты жағдайлары модельденген.

Тренингтің негізгі міндеті – есірткі бизнесінің экономикалық негіздерін бұзу бойынша әдістер мен дағдыларды игеру.

Қатысушылар 5 күн ішінде барлық қажетті жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізіп, қылмысқа қатысы бар адамдардың шеңберін, кірістерді заңдастыру схемаларын белгілеуі тиіс.

Оқуды Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Қырғыз Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы мониторингі органдарының өкілдері өткізеді.