АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасарымен кездесу

Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясына АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Азия елдеріндегі есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лиза Джонсон келді.
Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылады. Халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.
АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Академияның бұрынғы және сенімді серіктесі болып табылады, оның қолдауымен қылмысқа қарсы күрес саласындағы бірқатар халықаралық жобалар жүзеге асырылды. Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хабтың қалыптасуына, халықаралық ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға белсенді түрде жәрдем көрсетілді.
Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлыққа, есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес саласында оқыту тренингтерін өткізуге қатысты пікір алмасты.

Л.Джонсон әріптестік қатынастарды нығайтуға мүдделілігін және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруда жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.