Академия ғалымдары азаптаудың алдын алу проблемалары бойынша ғылыми зерттеу жүргізуге кірісті

Құқық қорғау органдары академиясының ғалымдары Бас прокуратураның тапсырысы бойынша азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ғылыми зерттеуді бастады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты азаптаудың негізгі себептерін анықтау және рұқсат етілмеген жұмыс әдістеріне бейім қызметкерлерді ерте анықтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

Бұл тәсіл алғаш рет қолданылады. Бұрын жүргізілген ғылыми ізденістер көп бөлігінде азаптауларға қарсы іс-қимылдың шешімдерін тек қылмыстық қудалау шеңберінде іздеуге бағытталған (жауапкершілікті күшейту, тергеп-тексеру процесін өзгерту және т.б.).

        Бұл тәжірибе айтарлықтай нәтиже бермейді. Бас бостандығынан айыру орындарында қатыгездік көрсету фактілерінің саны кемімейді.        Мәселенің нақты ауқымы қаңтардағы қайғылы оқиғаларда көрсетті.

       Сарапшылар қылмыстық-құқықтық шаралармен жағдайды түбегейлі өзгерту мүмкін емес деген пікірде. Қатыгездіктің себептері ең алдымен кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерде жатыр.

       Осыған байланысты Академия азаптауды қолдану тәуекелі жоғары лауазымдарға кадрларды іріктеу және орналастыру проблемаларын зерделейді және талдайды. Сондай-ақ ведомстволық есептілік пен корпоративтік мәдениеттің қызметкердің мінез-құлқының өзгеруіне әсерін зерттеу жоспарлануда.

       Академия сындарлы диалогқа ашық. Мүдделі тараптарды жүргізіліп жатқан зерттеу шеңберінде ынтымақтастыққа шақырамыз.Сарапшылар ретінде қатысу үшін ұсыныстар мен өтінімдерді мына электрондық мекенжайларға жіберулеріңізді сұраймыз: 7171161@prokuror.kz, 7171187@prokuror.kz.