«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

Жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

С-5 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына қарай
min max
С-4 212 061 260 615
С-5 186 632 229 492

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефондары: 8775-578-10-87, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша бос лауазым, негізгі қызметкердің 04.01.2025 жылға дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне, осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығу құқығымен).

Функционалдық міндеттері: Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды (негізгі құралдарды, материалдық емес активтер мен тауар-материалдық құндылықтарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілермен есеп айырысу және т.б.) сақтау орындары мен жауапты тұлғалар бойынша есепке алуды жүргізеді; келіп түсетін негізгі құралдарды, қорлар мен ақша қаражатын есепке алудың дұрыстығына, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты операциялардың уақтылы көрсетілуіне, шаруашылық материалдарының, ақша қаражаты мен кеңсе тауарларының дұрыс жұмсалуына, шығыстар сметасының сақталуына, бастапқы құжаттар негізінде есептілікті жасау тәртібіне бақылау жүргізеді; №№ 9, 10, 13, 16, 23, 24 мемориалдық ордерлерді жасайды және қалыптастырады; ақшалай қаражаттарды, негізгі құралдарды, материалдық емес активтер мен қорларды уақтылы түгендеудің жұмысын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; қойма қызметкерлерімен қызметкерлерді кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; активтерді есептен шығару, өткізу және өткізу бойынша құжаттарды жасайды, сондай-ақ экономикалық орындылығын ескере отырып, оларды қабылдау-беруді келіседі; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жартыжылдық, жылдық қаржылық есептілік жинағы үшін негізгі құралдар мен қорлардың қозғалысы бойынша ақпаратты қалыптастырады; Академияның балансынан негізгі құралдарды есептен шығару үшін қажетті құжаттаманы ресімдейді; Академия жеке құрамының нысанды киім-кешекпен және өзге мүлікпен уақтылы қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады; №1 «Негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп», №3-информ «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілікті жасайды; активтер бойынша ЕССО есебінің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде, қаржылық есептілікте, есеп саясатында, өзге де деректерде сақталуын қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жылумен, электрмен жабдықтаумен, қазандық жабдығының жұмысымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады; Академияның негізгі қорларына (ғимараттарға, жылыту, сумен жабдықтау, жарықтандыру, көлік жүйелеріне және т. б.) ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, шығыстар сметасын жасайды; қызметкерлерді құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді; дизель отынын қабылдауды және есепке алуды жүзеге асырады; Академияның балансындағы материалдық құндылықтардың, жабдықтардың сақталуына күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады; шаруашылық мәселелерін қамтамасыз ететін еңбек шарты бойынша жұмысшылардың жұмысын ұйымдастырады; жүргізілетін жөндеу жұмыстарының орындалуына жауапты болады; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді; жатақханалардағы санитарлық жағдайға күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады; өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жай-күйді қамтамасыз етеді; техникалық қызметтердің жұмысына бақылауды жүзеге асырады; қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың, өту жолдарының қасбеттерін мерекелік көркем безендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, күзгі-қысқы маусымға дайындықты жүргізеді; Академияны материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; жиһазбен, шаруашылық инвентарлармен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді; олардың сақталуын және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технология.

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Төлем шоттарын және қазынашылық органдарында жеткізушілермен шарттарды тіркеуге өтінімдерді қалыптастырады; жеткізушілермен өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін жасайды; мемлекеттік сатып алу шарттарының мерзімінде орындалуына бақылауды жүзеге асырады; есеп айырысу шотындағы ақша қаражатының қозғалысы, ақылы қызметтер ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша операциялардың есебін жүргізеді (№1, 2, 3 мемориалдық ордерлерді қалыптастырады); шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің есебін жүргізеді, олар бойынша материалдарды талап-арыз беру үшін Басқарманың жауапты қызметкеріне ұсынады; негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды алуға сенімхаттар ұсынады; отын, ЖЖМ беруді және есептен шығаруды жүзеге асырады; Академия бойынша кассалық операцияларды жүргізеді, ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді; заңнамада белгіленген кезең ішінде бастапқы құжаттардың, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржылық есептіліктің, есеп саясатының, өзге де деректердің сақталуын және сақталуын қамтамасыз етеді; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару заңдылығының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; істерді ресімдеу мен қалыптастырудың уақтылығы мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, оларды өңдейді және мұрағатқа береді; іс жүргізу бойынша анықтамалар мен мәліметтер дайындауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға жазбаша нысанда бере алады.

Уәкілетті органға ақпарат беру жағдайларын немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғанға дейін мемлекеттік орган қызметкерлерінің конкурс комиссияларының құрамы туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің конкурстық комиссияның отырысына қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.kz.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

_____________________

 (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені _______________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын       транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________                                                ____________________________________

(қолы)                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

Приложение 3 к Правилам
проведения конкурса на занятие
административной государственной
должности корпуса «Б»
Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии)
 _______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /

Дата и место рождения

2. Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

6. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата  қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/
должность*, место работы, местонахождение организации
қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы /Подпись кандидата
_______________
күні / дата