Жаңа тыңдаушылармен кездесу

Бүгін құқық қорғау органдары академиясы басшылығының жаңадан қабылданған магистранттар мен докторанттармен кездесуі өтті.

Биылғы жылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО-ға прокуратура, ішкі істер, қаржы мониторингі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының және төтенше жағдайлар министрлігінің 84 қызметкері келіп түсті.

Алғаш рет бейінді докторантура бағдарламасы бойынша, оның ішінде қашықтан оқыту форматын қолдана отырып даярлау жүйесі енгізілді.

Академия проректоры М.А. Ешімов қызметкерлерді үнемі кәсіби дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, жоғары білікті кадрлар даярлаудағы Академияның рөліне тоқталып, ЖОО-ның ғылыми-білім беру қызметінің басым бағыттарын белгіледі.