Ұлыбритания және Германия Құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесі зерделенді

Англо-саксондық және романо-германдық құқықтық жүйелердің құқық қорғау құрылымдары қызметінің ерекшеліктері Академияның ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп құқық қорғау және әскери органдар (БП, СЖҚІА, ҚМА, ІІМ, ТЖМ, ҚМ ӘПББ) қызметкерлері үшін ұйымдастырған тренингтердің басты тақырыбы болды.

Тыңдаушылар қылмыстық сот іс жүргізуінің Герман моделімен, полиция мен прокурорлар арасындағы өзара іс-қимылдың ерекшеліктерімен, сондай-ақ Ұлыбританияда жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу әдістерімен танысты.

Германияның БҰҰ және ЕО қылмыстық істер жөніндегі құрметті судьясы Норберт Костер және Ұлыбританияның Нортгемптон университетінің доценті Эдвард Джонстон қазақстандық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.