ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 29 шілдеде Академия Ғылыми кеңесінің жарты жылдық қорытынды отырысы сырттай өтті. 

Отырыста 2022 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша Академия проректорлары мен институт директорлардың: 

Академияның  ақпараттық-коммуникациялық жүйелері, қаржы-шарушылық, халықаралық қызметі туралы есеп  және перспективті  бағыттары  туралы; 

Кәсіби оқыту институттың жұмыс қорытындысы және перспективті  бағыттары туралы; 

Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институт пен Редакциялық-баспа жұмысы бөлімінің жұмыс қорытындысы және перспективті бағыттары туралы; 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институттың жұмыс қорытындысы және перспективті бағыттары туралы есептері қарастырылды. 

Ғылыми кеңес шешімімен ведомстволық ғылыми-білім беру базасын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.