Арнайы есептердің және құқықтық статистиканың дұрыстығы үшін

Сотқа дейінгі тергеудегі заңдылықтың сақталуын қадағалаудың проблемалық мәселелері Академияда аяқталған аумақтық прокуратура қызметкерлеріне арналған курстарда талқыланды.

Оқыту қадағалаудағы органдардың есепке алу-тіркеу тәртібін сақталуын қамтамасыз етуге, қылмыстарды жасыру жағдайларының жолын кесу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға, іс жүргізу бұзушылықтарының санын азайтуға бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде тыңдаушылар ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларына, сотқа дейінгі іс жүргізудегі қылмыстық қудалау заңдылығына тексеру жүргізу әдістемесін зерделеді.