Террористік қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері бойынша

Террористік қылмыстарды тергеудің ерекшеліктері Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Тергеу үшін ақпаратты анықтау және өңдеу» семинарының басты тақырыбы болды.
Оқудан прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өтті.
Тыңдаушылар қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру мәселелерімен, ақпаратты талдау әдістерімен және тергеу іс-шараларын жүргізумен танысты.
Қазақстандық мамандар үшін тренингтерді АҚШ Мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы күреске жәрдемдесу бөлімінің және ФБР қызметкерлері өткізді.