Бейіндік бағыттағы магистранттар бітірді

29 шілдеде Академияда бейіндік бағыттағы магистраттар оқуды аяқтады.

Олар –жұмыстан қол үзбей қашықтықтан оқытудан өткен басшылық құрам қатарындағы қызметкерлер.

Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша түлектердің көпшілігі жоғары білім алды.

Бейіндік магистратураны енгізу практикалық, қолданбалы сипаттағы терең білім негізінде жаңа формациядағы басқарушыларды даярлауға бағытталған.

Құқық қорғау органдарының белгілі бір практикалық және басшылық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар жұмыста өзін жақсы көрсеткен қызметкерлері де оқуға түсетінін атап өткен жөн.

Жыл бойы магистранттар басқарушылық құзыреттерін дамытуға баса назар аудара отырып, тереңдетілген кәсіби даярлықтан өтті.

Академия өз түлектерін оқуын табысты аяқтауымен құттықтайды және алдағы қызметіне табыс тілейді.