Адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша

Құқық қорғау органдары академиясы серіктестермен бірге адам саудасына қарсы күрес проблемаларына арналған оқыту іс-шараларының сериясын жалғастыруда.
Жыл басынан бері Академия және «Ақпараттық-консультативтік орталығы» ҮЕҰ Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында осындай іс-шаралар өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалық офисінің және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен мемлекеттік органдар мен өңірлік ҮЕҰ үшін дөңгелек үстелдер, сондай-ақ облыстық прокуратуралар мен полиция департаменттерінің қызметкерлері үшін мамандандырылған семинар-тренингтер өткізілді.
Күн тәртібіндегі басты тақырып адам саудасына қарсы күресте азаматтық қоғам мен мемлекеттік мекемелердің өзара іс-қимыл әлеуетін арттыру мәселелері болды.
Сондай-ақ, адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру жүйесін жетілдіру мәселелеріне және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктеріне арналған тренингтер өтті. Прокурорлар мен полиция қызметкерлері қылмыстың құрбандары мен куәгерлерімен тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша практикалық жаттығуларды шешуге машықтанды.
Наурыз айының соңында Батыс Қазақстан өңірінде адам саудасына қарсы күрестің үздік тәжірибелері жинақталатын, осы қылмыстарға қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар айтылатын қорытынды іс-шара өткізу жоспарлануда.