Орта Азия елдері үшін өңірлік форум

Құқық қорғау органдары академиясының алаңында «Адам саудасы және технологиялар» халықаралық бейнеконференц-көпірі өтті, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратурасының, полициясының және сотының, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында адам саудасы мақсатында қазіргі заманғы технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды, қазіргі проблемаларды шешу, осы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша тиімді шаралар әзірлеу үшін уәкілетті органдардың жан-жақты күш-жігері мен жүйелі жұмысы қажеттігі атап өтілді.

Жағдайды шолу шеңберінде IT-технологияларды пайдалана отырып жасалған адамдарды сату, зардап шеккендерге көмек көрсету және қорғау жағдайларын тергеудің үздік ұлттық практикаларымен және тәжірибемен алмасу болды.

Іс-шара БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылып, Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орайластырылды.