Экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.

Экономикалық тергеу қызметі функциялық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Экономикалық тергеу қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, ашу, жолын кесу және тергептексеру кіретін жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші немесе криминалист               (B-FMO-6 санаты) лауазымдарына жүзеге асырылады. Ең төменгі жалақы156 000 теңге.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген) 2022 жылғы 20 шілдеден 20 тамызға дейін жүргізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:

1) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша) тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өту;

2) Құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) келесі құжаттарды ұсыну қажет:

белгіленген үлгідегі өтініш;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесетану рәсімінен өткенін растайтын құжаттары(шетелдік білім беру мекемелерінен берілген дипломдар болса салыстыру үшін түпнұсқалары);

жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен толық толтырылған өмірбаяны;

кез-келген аймақта қызмет етуге келісімберу туралы өтініш;

әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет. Құжаттардың тізбесі толық емес, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып ұсынылған жағдай, іріктеуге қатысудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.

2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.

3. Оқуға түсушілердің жоғары білімі болуы шарт. Экономикалық тергеу қызметіне үміткерлер үшін орта білімнен кейінгі кәсіптік білім рұқсат етіледі.

Іріктеуге келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі дептанылған;

2) құқық қорғау қызметіне қабылданар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3) құқық қорғау қызметіне қабылданғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жаза қолданылған;

4) қызметке қабылданар алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке қабылданар алдында үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36бабының негізінде босатылған;

5) Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасаған;

6) Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

7) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестіккодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғауоргандарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылғандар.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

1) іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау;

2) орталық аппаратта не құқық қорғау органының аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелерінде әңгімелесуден өту;

3) әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту;

4) полиграфологиялық зерттеуден өту;

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі — Академия) емтихан тапсыру.

Академиядағы емтихан кандидаттың емтихан билетінің қойылған үш сұрағына және комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру түрінде өткізіледі.

Емтихан келесі пәндер мен нормативтік құқықтық актілер бойынша қабылданады:

1) Конституциялық құқық;

2) Қылмыстық құқық;

3) Қылмыстық-процестік құқық;

4)Әкімшілік құқық;

5) Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы;

6) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңы;

7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлерАкадемияда алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық мерзіміэкономикалық тергеу қызметіне түсушілер үшін 6 ай (Академияда 5 ай оқу +1 ай тағылымдама).

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде үміткерлер 40 532 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Алғашқы кәсіптік даярлықты табысты аяқтаған үміткерлер құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау бір мезгілде сыныптық шен/біліктілік сыныбы беріле отырып, сынақ мерзімінсіз жүргізілетін болады.

Үміткерлер құқық қорғау қызметіне қабылдану кезінде құқық қорғау қызметінатқаруға байланысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуы тиіс.

Құқық қорғау қызметін атқаруғабайланысты шектеулер:

Қызметкер:

1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау әріеңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға;

2) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін қызметпен айналысуға;

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;

5) қызметтік емес мақсаттарда оның қызметтік жұмысын материалдықтехникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға;

6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ісәрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мақсатта пайдалануға;

8) өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсатта, оның ішінде лауазымды және өзге де адамдармен сөз байласу жолымен пайдалануға;

9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға құқылы емес.

Қызметкер лауазымға кіріскеннен кейін бір ай ішінде құқық қорғау қызметін өткеру уақытында өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) және пайдаланылуы табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттар нотариалдық куәландырылуы тиіс.

Қызметкердің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен, оның ішінде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден табыс алуға құқығы бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет етуіне (жұмысына) жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау.

Іріктеу тәртібі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне қабылданатын тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу қағидаларын және оны өткеру шарттарын бекіту, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару туралы» Бас Прокурордың 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шілдедегі №675 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 бірлескен бұйрығымен реттеледі.

Академияның анықтама телефондары: 8-71-651-68-139,                         8-778-672-66-24.

Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалу қажет.

Емтихан сұрақтары Академияның сайтында орналасқан.

Іріктеуге құжаттар қабылдайтын құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары:

Экономикалық тергеу қызметі органдары:

1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7172) 31 61 45 п/и: 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 43;

2. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7272) 792956 п/и: 050000 Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі, 127;

3. Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7162) 256284 п/и: 020000 Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 21;

4. Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7272) 256284 п/и: 040700 Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы, З. Батталханов көш., 11А;

5. Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7132) 213589 п/и: 030000 Ақтөбе қаласы, 8март көшесі, 3 А;

6. Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7122) 354210 п/и: 060005 Атырау қаласы, Абай көшесі, 8;

7.Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7112) 538423 п/и: 090000 Орал қаласы, Поименная көшесі, 2/2;

8.Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7262) 347538 п/и:080000 Тараз қаласы Төле би көшесі, 81;

9.Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7112) 567000 п/и: 100012 Қарағанды қаласы,Хмельницкий көшесі, 14;

10. Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7212) 537171 п/и: 110000 Қостанай қаласы,                     Б. Майлин көшесі, ;

11. Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7242) 215209 п/и: 120000 Қызылорда қаласы,Тасбөгет Есенова көшесі, 16;

12. Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7292) 403659 п/и: 130000 Ақтау қ. 31А-5 ықшам ауданы;

13. Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, 8 (7252) 771448 п/и: 160002 Шымкент қаласы Абай көшесі, 2;

14. Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7182) 612919 п/и: 140000 Павлодар қаласы,                       Л. Толстой көшесі, 98;

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7152) 469818 п/и: 150000 Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 120;

16. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7232) 240605 п/и: 070004 Өскемен қаласы Буров көшесі, 10/1;

17. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 8 (7253) 332987 п/и: 161200 Түркістан қаласы, Тәуке Хан көшесі, 278 V.

Өтініш бланкісі

 Құқық қорғау органының
аумақтық бөлімшесінің,
ведомствосының немесе
мекемесінің басшысы

_______________________(кімге)

Өтініш

Маған __________________________ алғашқы кәсіби даярлыққа
​​Т. А. Ә. (бар болған жағдайда, толық)

іріктеуге қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Келесі құжаттарды ұсындым:

1. _________________________

2. _________________________

3. _________________________

4. _________________________

5. _________________________

6. _________________________

7. _________________________

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

(Қолы)

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

20____ж. «____» _______________

Өмірбаян

Өмірбаянды кандидат өз қолымен, еркін түрде, шимайсыз және түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:

Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:

— тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;

— фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет;

— қашан, қайда, қандай оқу орындарындаоқыды, білімі бойынша мамандығы;

— когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию;

— кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекенжайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетіле отырып, кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);

— кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);

— әскери міндеттілікке қатысы, міндетті әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (нөмірлері көрсетілсін) және кім болып қызмет өткерді, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылды, әскери атағы;

— отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;

— отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері; кандидат пен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апақарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандарына қатысты осындай мәліметтер, ажырасу себептері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің нөмірлері, оларды қандай орган және қашан берді; егер кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы анықтамалық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);

— семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли кто из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где, должность, специальное или воинское звание);

— кандидат, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан бірінде шетел азаматтығыболды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс қалай жүргізіледі;

— состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними;

— кандидат, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы);

— привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания);

— соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы тұрғылықты жерлері көрсетіледі.

— место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.

ӨМІРБАЯН

АВТОБИОГРАФИЯ

____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты /
фамилия, имя, отчество)

________________________________________________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ ___________________________________