Отандық ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосқаны үшін

Құқық қорғау органдары академиясында әлеуметтану ғылымдарының докторы, құқық магистрі, психология профессоры, әділет аға кеңесшісі Ане Арзиқызы Тынышбаеваны құрметті демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Сәуле Сапаралиева оның сіңірген еңбегі мен құқық қорғау органдары жүйесінің дамуына қосқан зор жеке үлесін атап өтіп, көп жылғы және мінсіз қызметі үшін алғысын білдірді.
Ане Тынышбаева прокуратура органдарында он бес жылдан астам уақыт қызмет етіп, өзін беделді маман және педагог ретінде көрсете білді. Көптеген ғылыми және қоғамдық алаңдарда Академияның бастамаларын сәтті ұсынды.
«Қазақстан Республикасының «Білім беру үздігі», «Прокуратура үздігі» («Отличник прокуратуры») төсбелгілері, сондай-ақ Білім және ғылым министрі берген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы бар.
Ана Арзиевна отандық ғылым мен білімнің дамуына, Қазақстанның әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне кірігуіне қомақты үлес қосты. Әлеуметтану және психология саласындағы танымал маманның 200-ден астам ғылыми еңбектері бар, олардың көпшілігі шетелде жарияланған.
Профессор Тынышбаева Ане Арзиевнаның қаламына халықтың наразылық мінез-құлқының тәуекелдерін бағалаудың, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың, суицидтің алдын алудың өзекті мәселелерін байыпты талдамалық зерттеулер жатады. Ол дайындаған прокурорлардың қызметтік мінез-құлқының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар мен ғылыми-әдістемелік құралдар бөлек атап өтіледі.
Әріптестер мен тыңдаушылар Ане Тынышбаеваға көптеген жылы лебіздерін білдіріп, денсаулық, амандық, ұзақ және бақытты ғұмыр тіледі.