ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 30 маусымда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлігінде, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай және еліміздегі заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі прокуратура органдарының жұмысын насихаттауға қосып отырған елеулі үлестері үшін «Заң және Заман» журналының ұжымына Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Б.Н. Асыловтың атынын алғыс хат тапсырылды.

Отырыста 2022-2023 оқу жылына арналған магистратура мен докторантураға түсу емтихандарының бағдарламалары бекітілді, сондай-ақ Оқу-әдістемелік кеңесінің және Ғылыми кеңесінің қызметі туралы есептер тындалды.