PhD докторы Артур Баймаханов «Жылдыңүздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының жеңімпазы болыпатанды.
Байқау эссе жазу, рейстік тапсырманы орындау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жобаны таныстыру сияқты бірнеше кезеңді қамтыды.
Онлайн-дауыс берудің соңғы кезеңіне 100 мыңнан астам респондент қатысты.
Таныстырылған «I tergeý» жобасын Артур Баймаханов өзінің диссертациялық зерттеулері аясында әзірлеген.
IT-бағдарлама қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты құрамы бойынша тергеу тәсілдерін айқындау үшін мәліметтердің кең спектрін дербес жинау қиындықтарын шешуге арналған.
Ресурс іс жүргізу нормаларының бұзылуына, әуре-сарсаңға салуға және шағымдануға әкеп соқтыратын тергеу сапасына теріс әсер ететін факторлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Түлегіміздің жетістіктері Академия үшін мақтаныш және басқа студенттерімізге үлгі.