Қаржылық тергеудің өзекті мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысының шетелден активтерді қайтару бойынша қойған міндеттері аясында Құқық қорғау органдары академиясы қылмыстық жолмен алынған активтерді іздеу және қайтару мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара халықаралық сарапшылардың, ғалымдар мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандағы қаржылық тергеу институтының теориялық аспектілері» ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде өтті.
Форумға қатысушылар экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми және практикалық тәсілдерін, отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қаржылық тергеу жүргізу тетіктерін әзірлеуді талқылады.
Ақшаны жылыстатудың негізгі әдістері, шетелге шығарылған қылмыстық капиталды қайтаруды қамтамасыз етудің заманауи әдістері қарастырылған.
Жалпы, өткен кездесу қатысушылардың ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға және тәжірибе алмасуға, қаржылық қылмысқа қарсы күрес бойынша бірлескен күш-жігерді шоғырландыруға үлкен қызығушылығын көрсетті.
Отырыс барысында айтылған сарапшылардың ұсыныстарын авторлар ұжымы жүргізіліп жатқан зерттеуде пайдаланатын болады.