Қазақстан прокуратурасының конституциялық-құқықтық мәртебесін дамытудың басты бағыттары талқыланды

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында өткен халықаралық дөңгелек үстелде «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасы талқыланды.

Форумға қатысушылардың ауқымды құрамы ғалымдардың, тәжірибелі заңгерлер мен құқық қорғаушылардың түрлі көзқарастарын шоғырландыруға мүмкіндік берді.

Олардың ішінде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Конституциялық Кеңес мүшесі және Жоғары Соттың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттар, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген көрнекті құқықтанушы ғалымдар, сондай-ақ заң жобасын тікелей әзірлеушілер бар.

Жоғары қадағалау органы туралы жекелеген Конституциялық заңның қабылдануы Мемлекетбасшысының елдің құқық қорғау институттарын жүйелі түрде күшейту жөнінде өзі ұсынған реформалар пакетіне енген бастамасы.

Бұл тұрғыда жоба прокуратураның өкілеттіктерін кеңейтуді, жаңа ұғымдарды, актілердің түрлерін және қадағалау нысандарын енгізуді қамтиды.

Қазіргі уақытта құжат жария талқылау рәсімінен өтуде және «Ашық НҚА» порталында еркін қолжетімді.

Отырыс барысында заң жобасының негізгі ережелері бойынша мазмұнды пікір алмасты. Іс-шара қорытындысы бойынша қалыптастырылған ұсынымдар әзірлеушілерге жіберілетін болады.