Қылмыстық активтерді тәркілеу және тыйым салу мәселелері бойынша халықаралық семинар

Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Гүлнар Шушикова Ташкентте өткен «Активтерді тәркілеу және тыйым салусыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде» атты халықаралық семинарға қатысты.

Қатысушыларды Өзбекстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Светлана Артикова және Францияның Өзбекстандағы елшісі Аурелия Буше қарсы алды.

Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Өзбекстан, Франция және басқа да елдердің сарапшылары қылмыстық активтерді тәркілеу және тыйым салу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Презентациялар сыбайлас жемқорлық және террористік бағыттағы қылмыстар бойынша нақты кейстерге негізделген. Уәкілетті органдардың осындай активтерді іздеу және оларды мемлекетке қайтару жөніндегі стратегиясына ортақ пайым берілді, тиімді талдамалық және цифрлық құралдар көрсетілді. Аталған мәселе бойынша үкіметаралық органдар (FATF, Egmont group және т.б.) шеңберінде ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді.

Сонымен қатар Францияның тыйым салынған және тәркіленген активтерін басқару және қалпына келтіру жөніндегі агенттіктің (AGRASC) функциялары туралы мазмұнды ақпарат ұсынылған.

Семинар барысында алынған барлық білім мен материалдар Құқық қорғау органдары академиясының жұмысында, атап айтқанда, жүргізіліп жатқан «Қазақстандағы қаржылық тергеу институтының теориялық аспектілері» ведомствоаралық ғылыми зерттеу шеңберінде пайдаланылатын болады.  

Іс-шара Француз Ұлттық Әділет мектебінің (ENM), Өзбекстан Республикасы прокуратура академиясының, Францияның тыйым салынған және тәркіленген активтерін басқару және қалпына келтіру агенттігінің (AGRASC) қолдауымен ұйымдастырылды.