Құқық қорғау органдары және Тәжікстанның үкіметтік емес ұйымдары делегациясымен кездесу

Академияға Тәжікстан Республикасының Құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдары, сондай-ақ көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдерінің делегациясы келді.

Сапардың мақсаты – адам саудасына қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесімен танысу, көші-қон және адам саудасына қарсы күрес саласындағы мамандарды кәсіби даярлау шеңберінде ведомстволық оқу орындарының қызметін зерделеу.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Тәжікстанның құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қанағаттанушылық білдірді, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптердің жаһандануы контексінде ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар заңсыз еңбек қанауына және адам саудасына қарсы күрес, қылмыс құрбандарын қорғау шараларын жетілдіру, бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және тәжірибе алмасу мәнмәтінінде ынтымақтастықтың ерекше маңызды векторы жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб шеңберіндегі бірлескен жұмыс болып танылды, онда Орталық Азияның күштік органдарының мамандары қылмысқа қарсы күрестің озық әдістері мен технологияларын үйренуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық танытып, бірлескен бастамаларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.